locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабина Алтынбекова Майли Сайрустың үйлену тойына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық волейболшы америкалық әншінің жеке өміріндегі өзгерістерге пікір қосты
Басқа спорт түрлері
Сабина Алтынбекова Майли Сайрустың үйлену тойына қатысты пікір білдірді
ФОТО: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова америкалық әнші Майли Сайрустың үйлену тойына назар аударып, оның әлеуметтік желідегі жазбасына ерекше пікір қалдырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

33 жастағы Майли Сайрус америкалық музыкант Макс Морандоға тұрмысқа шықты. Әнші әлеуметтік желіде үйлену тойынан алғашқы суреттерімен бөлісті.

Жазба Сабина Алтынбекованың назарын аударды. Қазақстандық спортшы бұл жаңалыққа бейжай қарамай, әншінің үйлену тойына әзілмен пікір білдірді.

«Болды, келесі — Шакира», - деп жазды волейболшы.

Айта кетейік, Майли Сайрус пен Макс Морандо 2021 жылы ортақ таныстары арқылы танысқан. Морандо — Liily рок-тобының барабаншысы, сонымен қатар ән жазып, музыкалық продюсерлікпен айналысады. 2025 жылдың желтоқсанында олардың құда түскені белгілі болды.

Бұл — Сайрустың екінші некесі. 2018 жылы ол актер Лиам Хемсвортқа тұрмысқа шыққан, алайда 2019 жылы ерлі-зайыптылар айырылысатынын мәлімдеді. Ажырасу 2020 жылы ресми түрде рәсімделді

Сабина Алтынбекова — волейбол жұлдызы

17 жасынан бастап Алтынбекова Қазақстанның әртүрлі жас санатындағы құрамаларына шақырылды. Ал 2014 жылы волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында нағыз жұлдызға айналып, турнирдің ең сұлу спортшысы деп танылды.

Танымалдыққа ие болғаннан кейін Алтынбекова шетелдік командаларда өнер көрсетті: Жапонияның GSS Sunbeams клубында, БАӘ-нің «Аль-Васл» командасында және Индонезияның Yogya Falcons клубында ойнады.

Сабина Алтынбекова қарым-қатынаста ма? Спортшы жауап берді

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie