locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джалолов Головкинмен кездесті: ВИДЕО

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы World Boxing басшысымен кездескен сәттен видео жариялады
Бокс
Джалолов Головкинмен кездесті: ВИДЕО
ФОТО: instagram.com/bakhodirdjalolov

Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов World Boxing халықаралық федерациясының конгресінде Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жалолов Instagram желісінде Головкинмен кездескен сәттен видео жариялады. Кадрларда боксшылар әңгімелесіп, күлімсіреп, камера алдында бірге суретке түсіп жатыр. Өзбек спортшысының жарияланымы жанкүйерлердің назарын аударды.

Кездесу Панамада өтіп жатқан World Boxing конгресінде болды. Іс-шараға ұлттық федерациялардың өкілдері, басшылары және халықаралық бокс әлемінің өзге де қайраткерлері жиналды.

Жалоловтың Қазақстан бокс өкілдерімен кездесуі алғаш рет болып отырған жоқ. Өзбекстандық аса ауыр салмақтағы боксшы халықаралық жарыстарда қазақстандық спортшылармен бірнеше рет жолыққан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасынан бері World Boxing ұйымын басқарып келеді. Оның жетекшілігімен ұйым халықаралық боксты дамыту және Олимпиада қозғалысындағы позициясын нығайту бағытында жұмысын жалғастыруда.

Баходир Жалолов — екі дүркін Олимпиада чемпионы. Ол Токио (2020) және Париж (2024) Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақта алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, өзбек боксшысы — әлемнің бірнеше дүркін чемпионы.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie