locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Испания құрамасының әлем чемпионатына дейінгі ойынында автогол тіркелді

Ойын Мексикадағы «Куаутемок» стадионында бейтарап алаңда өтті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Испания құрамасы Перумен өткен жолдастық кездесуде 1:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Испания сапында ойынның екінші минутында-ақ шабуылшы Микель Оярсабаль есеп ашты, ал отызыншы минутта жартылай қорғаушы Педри есепті еселей түсті. Екінші тайм басталғаннан кейін сегіз минут өткенде перулік қақпашы Педро Гальесенің автоголы "қызыл фурияның" айқын басымдығын қамтамасыз етті.

Перу құрамасы тек 66-минутта ғана жартылай қорғаушы Хайро Велес соққан жалғыз голмен жауап бере алды.

Перу құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды. Команда іріктеуден өте алмады. Испания өз жолын 2026 жылғы әлем чемпионатында H тобында бастайды. Қарсыластары — Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай.

Жолдастық матч
Перу - Испания - 1:3 (0:2)
Голдар:
Оярсабаль, 2 (0:1), Педри, 32 (0:2), Гальясе, автогол, 53 (0:3), Велес, 66 (1:3).

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie