locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА әлем чемпионаты кезінде ойыншыларға арналған ережелерді өзгертті

Футболшыларға арналған бір шектеу азайды
ФОТО: Getty Images

ФИФА әлем чемпионаты матчтары кезінде ойыншылармен сұхбаттасу ережелеріне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Geglobo дерегінше, ережелерді қайта қарау Винисиус Жуниор мен Ашраф Хакими қатысқан соңғы даулы оқиғадан кейін басталды. Екі ойыншыға баспасөз конференциясы кезінде испан тілінде жауап беруге мүмкіндік берілмеген, бұл жанкүйерлер мен журналистер арасында үлкен резонанс тудырды.

Осы жағдайды талқылағаннан кейін ФИФА басшылығы тілдік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Енді ойыншылар баспасөзбен сөйлескен кезде өздеріне ыңғайлы болса, испан тілін еркін қолдана алады. Жаңа ережелер күшіне енді және турнир соңына дейін қолданылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 20 маусымға қараған түні АҚШ пен Аустралия құрамалары арасындағы матчпен жалғасады. Басталуы — Астана уақытымен 00:00.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie