locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА президенті Иран құрамасының ойыншыларына айтқан сөздерімен жанкүйерлердің ашуын тудырды

Әлеуметтік желідегі пікірлер Инфантиноға ұнамайтыны анық
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

ФИФА президенті Джанни Инфантино 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Жаңа Зеландиямен өткен матчтан кейін Иран құрамасының ойыншыларының киім ауыстыратын бөлмесіне түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Жаңа Зеландияға қарсы матч өте қиын болды, сәл ғана сәттілік жетпей жеңіс сіздердікі болар еді. Бірақ сіздер өз отбасы, достарыңыз, жанкүйерлеріңіз және бүкіл әлем алдында жауаптысыздар – сіздер әлем чемпионатындасыздар, жақсы ойын көрсетіп жатырсыздар. Алда екі ойын қалды. Осы екі кездесуде де сіздер әлемге тағы да өздеріңізді мақтан еткізесіздер!

Мен сіздердің қандай қиындықтан өтіп жатқандарыңызды білемін. Барлығын түсінемін... Бірақ сіздер бәрінен күштірексіздер. Сіздер бүкіл әлемге месседж жібердіңіздер. Бүгін кешке бүкіл стадион сіздерге жанкүйер болды. Сіздер мұны әлемге көрсеттіңіздер және қуатты белгі жолдадыңыздар. Үлкен рақмет», – деп келтіреді Инфантиноның сөзін RMC Sport.

Дегенмен, футбол жанкүйерлері Инфантиноға пікірлерде тағы да шүйлікті

«Ол түсінеді, бірақ ештеңе істемейді. Бұл саудагер ешқашан Трамптың кезінде әлем чемпионатын өткізуге келісім бермеуі керек еді, себебі ол кейбір құрамаларға, кейбір жанкүйерлерге және төрешілерге қатаң шектеу қойды. Әлем чемпионаты – бұл БАРЛЫҚ адамға ешқандай шектеусіз арналған футбол мерекесі»;

«Инфантиноның екі жүзділігі... олар киім ауыстыратын бөлмеден шығып кетуі керек еді!»;

«Таза кино»;

«Әрине, ол соңында: енді бұл жерден кетіңдер дегісі келген шығар»;

«Екі жүзді сайқымазақ»;

«Неге тек екі ойын ғана, ол нені меңзеп отыр?» – деп жазды футболсүйер қауым.

Айта кетейік, бастапқыда Иран құрамасы Аризонада орналасуды жоспарлаған, алайда кіру шектеулеріне байланысты команда дайындық базасын Мексикаға ауыстыруға мәжбүр болды. Дегенмен, ирандықтар АҚШ-тағы матчтарға ұшып келіп, бірден кері қайтуға мәжбүр.

G тобының 2-турында Иран құрамасы Бельгиямен (21 маусым), ал 3-турда Египетпен (27 маусым) кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie