Моуринью Винисиус пен Вальвердеден бас тартты. «Реалдың» жаңа капитаны аталды
Испаниялық журналист Игнасио Санчестің мәліметінше, португалиялық маман командадағы капитандық жүйені қайта қарауды жоспарлап отыр. Қазіргі құрамдағы көшбасшылар саналған Феде Вальверде, Винисиус Жуниор және Тибо Куртуа жаңа капитандар қатарына енбейді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, Моуринью соңғы айларда команда ішінде орын алған жағдайлардан кейін кейбір ойыншылардың киім ауыстыратын бөлмедегі ықпалына күмәнмен қарайды. Сондай-ақ тәжірибелі бапкер капитандық міндетті қақпашыға емес, алаңдағы ойыншыға сеніп тапсырғанды жөн көреді.
Португалиялық маман капитандар тізімін де белгілеп қойған. Оның жоспары бойынша, «Реалдың» негізгі капитаны Килиан Мбаппе болады. Екінші капитан қызметі Антонио Рюдигерге, ал үшінші орын Джуд Беллингемге бұйыруы мүмкін.

Моуриньюдің шешімдері мұнымен шектелмейді. Ол италиялық «Комо» сапында өнер көрсеткен аргентиналық жартылай қорғаушы Нико Пастың болашағына қатысты да нақты ұстаным қалыптастырды.