locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: Усман Нурмагомедов пен оның командасы БАӘ түрмесінен босатылады

Бұл туралы Әбу-Даби сотының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады.
ММА
ФОТО: Getty Images

PFL чемпионы, ресейлік аралас жекпе-жек шебері Усман Нурмагомедов пен оның командасы БАӘ түрмесінен босатылады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алты айға бас бостандығынан айыру жазасы мен 300 мың дирхам (36 млн теңге) айыппұл 150 мың дирхам (18 млн теңге) айыппұлға ауыстырылды.

Жергілікті БАҚ бұл шешім тараптардың татуласуына байланысты қабылданғанын хабарлады. Усманды босатуды Мерабтың өзі сұраған.

Әбу-Дабиде не болды?

Жаппай төбелес 11 қарашада болды. Дереккөздің мәліметінше, жанжал Усман Нурмагомедов сұхбат беріп тұрған Двалишвилиге жақындап, оның бетінен шапалақпен ұрғаннан кейін басталған. Артынша төбелеске грузиялық файтер, оның досы Саба Лазишвили, Усман және оның командадағы серіктестері араласты. Кейін жанжалға қатысқандар ұсталды.

Хабиб Нурмагомедов осы жағдайға байланысты келіссөздер жүргізу үшін БАӘ-ге барғаны хабарланды.

Еске салайық, Усман Нурмагомедов — PFL ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол Хабиб Нурмагомедовке немере ағайын, ал UFC-дің ең жеңіл салмағында өнер көрсететін, Двалишвилимен бір дивизионда жұдырықтасатын Умар Нурмагомедовке туған ағасы.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie