Скалони Мессидің Аргентина құрамасына оралатынын мәлімдеді
Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси 2028 жылғы Америка кубогында ұлттық құраманың штабына тәлімгер ретінде оралуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
39 жастағы футболшы матчтарға қатыспай, мінберден жас ойыншыларға өз тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттерін үйретеді. Дереккөз бұл рөлді Аргентина 2022 жылы Катарда жеңіске жеткен әлем чемпионаты кезінде бұрынғы шабуылшы Серхио Агуэро атқарған міндетпен салыстырады.
Мессидің «альбиселесте» сапындағы қоштасу матчы 7 қазанда өтті. Бұл кездесуде аргентиналықтар Бенин құрамасын 3:0 есебімен тас-талқан етті, ал шабуылшының өзі бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
2005 жылы басталған ұлттық құрамадағы мансабында Месси әлем чемпионы (2022), Финалиссиманың жеңімпазы (2022) және Америка кубогының екі дүркін иегері (2021, 2024) атанды. Құрама сапында өткізген 208 матчта 126 гол соқты.