locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Роналду жұмбақ ишарасымен жанкүйерлерді елең еткізді: бұл нені білдіреді?

Аты аңызға айналған футболшы жанкүйерлерге оның мәнін өз бетінше табуды ұсынды
Футбол
фото: ФК "Аль-Наср"

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду әлеуметтік желіде саусақтарымен ерекше ишара жасаған видеосын жариялап, жанкүйерлер арасында қызу талқылау туғызды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Әл-Наср» клубының 41 жастағы шабуылшысы камера алдына шығып, саусақтарын ерекше қалыпта ұстады. Алайда Роналду ишарасының мәнін түсіндірмей, жұмбақ жазба қалдырды: «Түсіндіңіздер ме?».

Алайда бұл мұндай ишараның алғаш рет жасалуы емес. 21 қазанда Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының ресми аккаунты да осыған ұқсас видео жариялап, жанкүйерлерге жұмбағын өз бетінше шешуді ұсынған.

Кейін Роналду «Әл-Холуд» қақпасына хет-трик жасағаннан соң бұл ишараны тағы қайталады.

Роналдудың ишарасы нені білдіруі мүмкін?

Жанкүйерлер арасында жұмбақ қимыл португалиялық футболшының мансабындағы басты мақсатымен — 1000 гол межесіне жетумен байланысты деген болжам пайда болды. Кейбір жанкүйерлер саусақтарының қалпынан рим цифрларындағы мыңды білдіретін «М» әрпін көрді. Ал басқалары оны португал тіліндегі «mil» («мың») сөзімен байланыстырады.

Бұдан бөлек те болжамдар бар. Кейбір жанкүйерлер бұл ишара футболшының балаларының бірі Матеоның есімімен байланысты болуы мүмкін деп санайды. Тағы біреулері одан шексіздік белгісін немесе жаңа брендтің іске қосылатынына ишараны көрді.

Еске салайық, Португалия құрамасы Даниядан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Брагадағы кездесу Роналду 5 қарашада халықаралық мансабын аяқтайтынын жариялағаннан кейінгі команданың алғашқы ойыны болды.

Ұлттық құрама сапында 23 жыл бойы өнер көрсеткен шабуылшы 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Португалиямен бірге Еуропа чемпионатын жеңіп, Ұлттар лигасының екі дүркін чемпионы атанды.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie