locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нидерланд – Греция: Ұлттар лигасы матчын онлайн көру

Төрт турдан кейін командалар топта 8 ұпайдан жинады
Футбол
Нидерланд – Греция: Ұлттар лигасы матчын онлайн көру
ФОТО: x.com/MICHAELMOUpswq

Бүгін, 13 қарашада, Нидерланд пен Греция құрамалары УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бесінші турында кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Нидерланд – Греция матчы Амстердамдағы «Йохан Кройфф Арена» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен ойын 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні сағат 00:45-те басталады. Матчтың тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы көруге болады.

Өзара кездесудің алдында екі команда да төрт турдан кейін сегіз ұпайдан жинап, А дивизионының 2-тобында көш бастап тұр. Нидерланд құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша гректерден алда.

Алдыңғы турда Нидерланд Сербияны 2:1 есебімен жеңсе, Греция Германиямен 0:0 есебімен тең түсті.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы алғашқы өзара матчта жеңімпаз анықталған жоқ. Грецияда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie