locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Боранбаев Алонсо мен Сатпаевтың таныстығының жай-жапсарын ашты

Болашақ бапкер қазақстандықтың мүмкіндігін жақсы біледі
ФОТО: Getty Images

Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев шабуылшы Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» болашағына және жуырда Хаби Алонсоның «көктердің» бас бапкері болып тағайындалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Хаби Алонсо алматылық «Қайратпен» таныс

Мадридтік «Реалдың» бапкері болған кезінде Хаби Алонсо өткен жылы «корольдік клубпен» бірге Алматыға келген еді. Сол кезде «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайратты» 5:0 есебімен ірі жеңіске ұшыратқан болатын. Бірақ сол кездесуде «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы қазақстандық жас шабуылшыға ерекше назар аударғаны белгілі болды.

«“Реалмен” болған ойыннан кейін біз Алонсо екеуіміз сөйлестік. Ол Алматыға ұшар алдында Сатпаевты жіті зерттегендерін айтты. Алонсо оның мүмкіндіктерін жақсы біледі. Дастан “Челсидің” негізгі құрамында орнығып кетеді деп үміттенеміз», - деді Боранбаев журналист Нұрсултан Құрманның подкастында.

Дастан анасымен бірге Лондонға аттанады

Еске салсақ, Дастан Сатпаевтың Лондон клубына ауысуы – қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі трансферлердің бірі саналады. Келісімшарттың жалпы сомасы – 4,3 миллион еуро (бонусымен бірге). 17 және 21 маусымда Дастан Сатпаев «Қайрат» жейдесінде соңғы матчтарын өткізеді. Ал 29 маусым күні Дастан Сатпаев «Челсидің» Австралиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.

«Дастанға бірнеше күн демалыс берілді, 26 маусымда ол анасымен бірге Лондонға ұшады», - деп толықтырды Қайрат Боранбаев.

Бұған дейін алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин испаниялық Хаби Алонсоның «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалуы Сатпаевқа оң әсерін тигізуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie