«Манчестер Юнайтед» экс-бапкері дауға қалған жаттықтырушы жаңа клубпен келісімге келді
Рубен Аморим «Миланмен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
2026 жылдың басында «Манчестер Юнайтед» клубынан кеткеннен бері жұмыссыз жүрген Рубен Аморим үшін жаңа сынақ басталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романоның мәліметінше, «қызыл сойқандардың» бұрынғы бас бапкері «Миланмен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды, келісімшартта тағы бір жылға ұзарту опциясы қарастырылған. Бұған дейін «россонерилер» басқа да үміткерлердің қатарында Андони Ираоланы да қарастырған болатын.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Манчестер Юнайтед» топ-менеджері Аморимнің жұмысына баға берді
Аморим «Манчестер Юнайтед» тізгінін 2024 жылдың қарашасынан 2026 жылдың қаңтарына дейін ұстады. Португалиялық маман 2024/2025 жылғы маусымда «қызыл сойқандарды» Англия чемпионатында тек 15-орынға жеткізді әрі Еуропа лигасының финалында «Тоттенхэмге» есе жіберген болатын.