locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Франция мен Ирак арасындағы әлем чемпионаты матчы өтпей қалуы мүмкін: себеп жарияланды

Синоптиктер қолайсыз ауа райын болжауда
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

I тобының 2-турындағы Франция мен Ирак құрамалары арасындағы 2026 жылғы Әлем чемпионаты матчы ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

RMC Sport мәліметінше, ойын өтетін Филадельфияда матч күні найзағайлы нөсер жаңбыр күтілуде. Бұл жағдай кездесудің өтуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Франция мен Ирак арасындағы матч 23 маусым күні «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өтеді деп жоспарланған. Басталуы – Қазақстан уақытымен 02:00-де.

Алғашқы турда Франция Сенегалды 3:1 есебімен жеңсе, Ирак Норвегияға 1:4 есебімен жол берді.

Клубтық әлем чемпионатында да осындай жағдай болған

Дәл осындай жағдай 2025 жылы АҚШ-та өткен клубтық әлем чемпионатында орын алған еді. Сол кезде Лондонның «Челси» мен Португалияның «Бенфика» командалары арасындағы матч найзағайға байланысты екі сағатқа жуық үзіліске ұшыраған болатын.

Нәтижесінде ойын жалпы төрт сағат 38 минутқа созылып, ауа райының салдарынан осындай деңгейдегі ең ұзақ футбол матчтарының біріне айналды.


Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie