Фотосына қарап табыңыз: «Қайрат» ойыншыларының мектеп кезіндегі суреттерін жариялады
1 қыркүйекте «Қайрат» негізгі құрам ойыншыларының мектеп кезіндегі суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Клуб футболшылардың мектеп оқушысы кезіндегі суреттеріне қарап, оларды тануды ұсынды. Сондай-ақ жұртшылықты Білім күнімен құттықтады.
Қазақстан Премьер-лигасының 24 турында Рафаэль Уразбахтиннің командасы 51 ұпай жинап, көш бастап тұрған «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді. Бұл ретте алматылықтардың бір ойыны кем, сондықтан ҚПЛ-дағы бірінші орын үшін күрес қыза түсті.
Чемпионаттағы келесі матчта Қазақстан чемпионы Ақтауда «Каспийдің» қонағы болады. Кездесудің басталуы Алматы уақытымен сағат 17:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» матчтар кестесі белгілі болған еді. Алматылық клуб Латвия, Грекия, Италия, Швеция, Румыния және Нидерланды командаларына қарсы алты кездесу өткізеді.