Қытайдағы Әлем кубогында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясында бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Дүбірлі додаға әлемнің 44 елінен 333 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасы турнирде ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарда толық құраммен өнер көрсетеді.
Ерлер
50 келі
Санжар Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастайды. Оның қарсыласы Гонконг пен Қырғызстан боксшылары арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болады.
55 келі
1/16 финал
Тимур Қабдешов - Келви Триндад (Бразилия)
60 келі
1/16 финал
Серік Теміржанов - Денис Бриль (Германия)
65 келі
1/16 финал
Санатәлі Төлтаев - Малик Хасанов (Әзербайжан)
70 келі
1/8 финал
Абылайхан Жүсіпов - Кайан Рейес (Бразилия)
75 келі
1/8 финал
Тимур Нұрсейітов - Тадхг О’Донелл (Ирландия)
80 келі
1/16 финал
Сабыржан Аққалықов - Хиабао Уанг (Қытай)
90 келі
1/8 финал
Нұрбек Оралбай - Гичшае Ким (Оңтүстік Корея)
+90 келі
1/8 финал
Айбек Оралбай - Нажай Райт (АҚШ)

Әйелдер
51 келі
Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла мен Таиланд боксшылары арасындағы кездесудің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
54 келі
1/8 финал
Назым Қызайбай - Им Э Джи (Оңтүстік Корея), Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
60 келі
Виктория Графеева жарысты ширек финалдан бастап, Канада немесе Оңтүстік Корея өкілімен кездеседі.
65 келі
Аида Әбікеева ширек финалда АҚШ немесе Моңғолия боксшысымен күш сынасады.
70 келі
1/8 финал
Лаура Есенкелді - Униа Мартинес Мас (Испания)
75 келі
1/8 финал
Наталья Богданова - Зио Бао (Қытай), қазіргі Азия чемпионы.
80 келі
Валерия Аксенова жарысты жартылай финалдан бастап, Өзбекстан немесе Франция спортшысымен кездеседі.
+80 келі
1/4 финал
Дина Исламбекова - Лиона Дарси (Ирландия)

Еске салайық, Әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын. Отандастарымыз үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Турнир чемпиондары атанғандар: Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Виктория Графеева (60 келі) және Валерия Аксенова (+80 келі). Аида Әбікеева күміс жүлдеге ие болса, Диас Молжігітов, Алуа Балқыбекова және Жібек Жарасқызы қола медаль еншіледі.