Дуэ тарих жазды: 19 жастағы француз финалда гол соғып, нәтижелі пас берген ең жас ойыншы атанды
Франция құрамасының жас шабуылшысы Дезире Дуэ Чемпиондар лигасының финалында жарқырай ойнап, гол мен нәтижелі пас авторы атанды. Ол бұл жетістікке 19 жас 362 күнінде жетіп, финалдық ойында әрі гол соғып, әрі ассист жасаған ең жас футболшы ретінде тарихқа енді.
Сонымен қатар, бұл гол Дуэге ЧЛ финалындағы ең жас гол соққандар тізімінде үшінші орыннан көрінуге мүмкіндік берді. Ол осы көрсеткіш бойынша дортмундтық «Боруссияның» аңызы Ларс Риккенді төртінші орынға ығыстырды.
Чемпиондар лигасы финалында гол соққан ең жас үш ойыншы:
1. Патрик Клюйверт — 18 жас 327 күн
2. Карлос Альберто — 19 жас 167 күн
3. Дезире Дуэ — 19 жас 362 күн
Дуэ – Чемпиондар лигасы финалында гол мен пас авторы атанған тарихтағы алтыншы ойыншы. Бірақ мұны осындай жаста жүзеге асырған - тек ол ғана.