«Стас Покатиловтың командасына оңай болмайды» – сарапшы «Сабах» – «Боруссия» Чемпиондар лигасындағы матчының нәтижесіне болжам жасады
Қазақстандық танымал спорт журналисті әрі комментатор Дидар Есемов УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алдағы матчқа болжам жасады. Бұл кездесуде әзербайжандық «Сабах» өз алаңында германиялық «Боруссия Дортмундты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сарапшының пікірінше, әзербайжандық «Сабах» өткен турда Чемпиондар лигасында «Славияны» жеңгеннен кейін, басты еурокубоктағы өнерін мақтан тұта алады.
Команда негізгі кезеңдегі ең төменгі міндетін орындап қойды, алайда алда оны мықты қарсыластар мен күрделі сынақтар күтіп тұр.
«Бұл кездесуде, әрине, қонақтар – айқын фаворит. Оның үстіне, «Боруссия» қазір шағын дағдарысты бастан өткеріп жатыр: дортмундтықтар үш матч қатарынан жеңіске жете алмады, сондықтан бұл ойында жанкүйерлерінің алдында ақталуы керек. Меніңше, Дортмунд бәрібір жеңеді, ал Серу Гирасси голдарымен көзге түседі. Стас Покатиловтың командасына өте қиын болатыны анық. «Боруссияның» ірі есеппен жеңіске жететінін болжап отырмын», – деді Дидар Есемов.
Екі турдан кейін екі команда да үш ұпайдан жинады. Негізгі кезеңдегі алғашқы матчта «Сабах» ағылшындық «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен жеңілді, алайда кейін өз алаңында чехиялық «Славияны» 2:0 есебімен ұтты.
«Боруссия» турнирді өз алаңында испаниялық «Вильярреалды» 3:2 есебімен жеңуден бастады, алайда екінші турда сырт алаңда норвегиялық «Будё-Глимтке» 0:1 есебімен есе жіберді.
«Сабах» сапында Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсетеді. Қақпашы әзербайжандық клубтың турнирдің негізгі кезеңіндегі бұған дейінгі екі матчының екеуіне де қатысты.
Стас Покатилов пен «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы «Боруссияға» қарсы матчы: онлайн көру