locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сабина Алтынбекова Бішкектегі Шакира концертінен кейін Қырғызстанға үн қатты

Волейболшы әншіге тәнті болып, елге іс-шара үшін алғыс айтты
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Сабина Алтынбекова Бішкектегі Шакира концертінен кейін Қырғызстанға үн қатты
ФОТО: instagram.com/altynbekova_20

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Бішкекте өткен Шакираның концертінен алған әсерімен бөлісіп, Қырғызстандағы шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спортшы бұл туралы Instagram желісінде жазды.

«Шакира керемет, ал Қырғызстан жарайсыңдар, бәрі жоғары деңгейде өтті», – деп жазды Алтынбекова.

Еске салайық, ауқымды шоу 18 қазанда «Бішкек Арена» стадионында өтті. Концерт Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында ұйымдастырылды. 49 жастағы өнер иесі үшін бұл Орталық Азиядағы алғашқы концерт болды.

Концерт Қырғызстан шекарасынан тыс жерлерде де үлкен қызығушылық тудырды. Колумбиялық жұлдыздың өнерін тамашалау үшін кемінде 33 елден жанкүйер келді.

Билеттерді әсіресе қазақстандықтар белсенді сатып алды. Шетелдік көрермендер арасында қазақстандықтар бірінші орынға шығып, әншінің Ресей мен Өзбекстандағы жанкүйерлерін басып озды.

Шакира Пикемен ауыр ажырасқаннан кейін Бішкекте маңызды мәлімдеме жасады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie