Покатиловтың Чемпиондар лигасында «Боруссия Дортмундқа» қарсы ойнайтыны белгілі болды
Сейсенбі, 20 қазан күні әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі үшінші туры аясында дортмундтық «Боруссиямен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасы мен әзербайжандық команданың қақпашысы Стас Покатилов Бакудегі матчты алғашқы минуттардан бастап өткізеді.
Айта кетейік, кездесу Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады деп жоспарланған. «Сабах» - «Боруссия» матчының тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
Екі турдан кейін қос команда да үш ұпайдан жинады. Жалпы кезеңдегі алғашқы матчта «Сабах» «Манчестер Юнайтедтен» 0:4 есебімен жеңілді, алайда кейін өз алаңында чехиялық «Славияны» 2:0 есебімен ұтты.
«Боруссия» турнирді испаниялық «Вильярреалды» өз алаңында 3:2 есебімен жеңуден бастады, бірақ екінші турда сырт алаңда норвегиялық «Буде-Глимттен» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
