locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Чемпиондар лигасында ойнауды Алла нәсіп етсін». Никола Антич «Ордабасының» мақсаттары мен жанкүйерлердің рөлі туралы

Никола Антич матчтан кейінгі әсерімен бөлісіп, команданың ойынын бағалады
«Чемпиондар лигасында ойнауды Алла нәсіп етсін». Никола Антич «Ордабасының» мақсаттары мен жанкүйерлердің рөлі туралы
ФОТО: Ордабасы ФК

«Ордабасы» қорғаушысы Никола Антич Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында команданың жақсы ойын көрсеткенін, ал қарсылас та лайықты деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті.

«Бүгін бізде бәрі ойдағыдай болды, жақсы ойнадық. «Каспий» де жарады, олар да күресті және өз мүмкіндіктерін көрсетті», - деді Антич.

Футболшы жанкүйерлердің қолдауының маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жанкүйерлердің арқасында біз жақсырақ ойнаймыз. Қадам-қадаммен өз мақсатымызға жақындап келеміз – Алла қаласа, келесі жылы Чемпиондар лигасында ойнасақ екен», - деп қосты ол.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» жеңді.

Никола Антич 2024 жылдан бері «Ордабасы» сапында өнер көрсетеді. Осы уақыт ішінде сербиялық ойыншы шымкенттік ұжымда 35 матч өткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie