«Біздің жанкүйерлер Қазақстандағы ең үздігі». Давид Абагна жанкүйерлердің қолдауы туралы
Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Давид Абагна Sports24.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, жанкүйерлер тарапынан көрсетілген жоғары қолдауды атап өтті және команданың айналасындағы атмосфераның оған ерекше әсер ететінін жеткізді.
«Біздің жанкүйерлеріміз керемет, әрі олар Қазақстандағы ең үздік жанкүйерлер. Мұны көрудің өзі бір ғанибет», – деді Абагна.
Сондай-ақ, футболшы 2026 жылғы әлем чемпионаты және өзінің ұлттық құрамасы жайлы ойымен бөлісті.
«Мен өзім ганалықпын (күледі) және соңына дейін өз елім үшін жанкүйер боламын», – деп қосты ойыншы.
Еске салайық, Қазақстан премьер-лигасының 14-тур матчында шымкенттік «Ордабасы» ақтаулық «Каспийді» 2:0 есебімен жеңді.
Давид Абагна шымкенттік клубқа қысқы трансферлік кезеңде қосылды. Бұған дейін футболшы Кипрдің АПОЭЛ клубында өнер көрсеткен.