Роналду Өзбекстанға гол соғып, бірден бірнеше рекордты жаңартты
Португалия мен Өзбекстан арасындағы матчтың есебі бар болғаны алтыншы минутта-ақ Криштиану Роналду соққан голдың арқасында ашылды. 2016 жылғы Еуропа чемпионы бұл голымен әлем чемпионаттарының тарихына есімін жазды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Роналду — қатарынан алты әлем чемпионатында гол соққан тұңғыш футболшы. Әлем чемпионаттарындағы алғашқы добын ол 2006 жылдың 17 маусымында Иранның қақпасына пенальтиден енгізген еді. Дегенмен, Лионель Мессиді қуып жету үшін оған әлі жол бар, себебі әлемдік басты турнирде Роналдудың әзірге тоғыз ғана пенальти голы бар.
Сондай-ақ, Өзбекстан — португалиялық шабуылшы гол соққан 49-шы ұлттық құрама атанды. Бұл көрсеткіш бойынша оған тең келер ешкім жоқ: Месси тек 42 ұлттық құрамаға ғана гол соға алған.