locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Черногория құрамасының хавбегі: «Қайрат» – керемет жағдайлары бар фантастикалық клуб»

Небойша Косович бұрынғы клубы туралы пікірін бөлісті
Футбол
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
Черногория құрамасының хавбегі: «Қайрат» – керемет жағдайлары бар фантастикалық клуб»
ФОТО: Кайрат

Черногория ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович, қазіргі таңда Тайландтың «Бангкок Юнайтед» клубында өнер көрсетіп жүрген футболшы, өзінің бұрынғы клубы – «Қайрат» туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Қазақстан чемпионаты айтарлықтай алға басты. Соңғы жылдары «Қайрат» өте жақсы бағытта дамып келеді. Бұл – клубты он жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан президенті Боранбаевтың зор еңбегі. Футболшылар үшін керемет жағдай жасалған: екі база, он шақты алаң – біреуі тек бірінші командаға, екіншісі академияға арналған.

Бірінші команданың жаттығу лагері мен базасы – сөзсіз әлемдегі үздіктердің бірі: заманауи медициналық құрал-жабдықтар, ойыншыларды қалпына келтіру, пәтерлер, ас үй… Қысқасы, жұмыс істеуге жағдайлар – ғажап. Сондай-ақ, клуб академиясына да көп қаржы салынады: бұған дәлел – Қазақстан құрамасының ойыншыларының 50 пайыздан астамы «Қайраттан» шыққан. Клуб – фантастикалық, өте жақсы ұйымдастырылған.

Мен оларды үнемі қадағалап отырамын, олар екі жыл қатарынан чемпион болды. Биыл маусымды сәл әлсіз бастады, бірақ әсіресе өз алаңында өте қауіпті бола алады. Олардың үздік ойыншысы жақында «Челси» клубына ауысты – Дастан Сатпаев. Ол небәрі 17 жаста, өте дарынды әрі жасына қарамастан өте пісіп жетілген футболшы. Команда жас, бірақ өте агрессивті. «Сутьесканың» («Қайраттың» Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі болашақ қарсыласы – ред.) тәжірибелі ойыншылары бар: Александр Щекич, Борис Копитович... бұндай ойындарда қалай әрекет ету керектігін жақсы біледі.

«Қайраттағы» үш жыл мен үшін керемет өтті. 16 жылдан кейін біз Алматыға чемпиондық атақты қайтардық және алғаш рет еуропалық турнирдің (Конференциялар лигасы – ред.) топтық кезеңіне шықтық. Мен осы тарихтың, осы процестің және «Қайрат» футбол клубының дамуының бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын», – деді Косович Vijesti басылымына берген сұхбатында.

Косович «Қайрат» сапында 2019 жылдан 2022 жылға дейін өнер көрсетті. Алматы клубы құрамында 72 матчқа қатысып, 9 гол және 10 нәтижелі пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie