locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы»-дың жаңа ойыншысы Қазақстан мен Румыниядағы атмосфераны салыстырды

Тидиан Кейта «Ордабасы» – «Каспий» (2:0) матчынан кейінгі әсерімен бөлісті.
«Ордабасы»-дың жаңа ойыншысы Қазақстан мен Румыниядағы атмосфераны салыстырды
ФОТО: Ордабасы ФК

Шымкенттік «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Тидиан Кейта Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында жеңісті «Каспийге» қарсы матчтан кейін стадиондағы атмосфераға жоғары баға берді.

«Трибуналардағы жанкүйерлер қатты әсер қалдырды. Команда нағыз үстем ойын көрсетті, ал бас бапкер алаң жиегінде ойыншыларға үнемі кеңес беріп тұрды – мұны көру өте керемет болды. Бүгінгі атмосфера ерекше әсерлі болды. Бұл менің кәсіби мансабымдағы ең үздік атмосфера. Балалардың, әсіресе ең кішкентай жанкүйерлердің өз командасын қолдағаны қатты ұнады», – деді Кейта.

Сондай-ақ футболшы Қазақстан мен Румыниядағы футбол атмосферасын салыстырды.

«Команда ішіндегі атмосфераны әлі толық сезініп үлгермедім. Дегенмен, бұл Румыниядағы жағдайға ұқсас деп ойлаймын. Шынымды айтсам, мұнда мұндай атмосфера көремін деп ойламадым», – деп толықтырды жартылай қорғаушы.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының 14-турында «Ордабасы» өз алаңында «Каспийді» 2:0 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін шымкенттік клуб турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Тидиан Кейта «Ордабасы» сапына румындық ЧФР клубынан ауысты. 29 жастағы француз футболшысы тірек жартылай қорғаушы позициясында ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie