КПЛ құнының жаңаруы: «Қайрат» бәрінен қымбат, бірақ бір нюанс бар
Белгілі неміс порталы Transfermarkt Қазақстан Премьер-лигасы клубтарының құрамдарының құнын жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, КПЛ-дің ең қымбат клубы болып «Қайрат» қалды. Қазақстан чемпионының құрамы 12,7% өсіп, енді 13,80 миллион еуроны құрады.
«Қайрат» бәрінен қымбат, бірақ бір нюанс бар
Алайда мұнда бір нюанс бар. «Қайрат» құрамының құны Дастан Сатпаевтың командада барын есепке ала отырып көрсетілген, ал ол қазірдің өзінде «Челси» сапына ауысып, енді алматылықтар үшін ойнамайды. Құндар қайта қаралғаннан кейін, Қазақстан құрамасының 17 жастағы вингері бірден 500 мың еуроға қымбаттады. Енді оның құны 3,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Яғни, «Қайраттың» жалпы құрам құнынан Сатпаевтың 3,5 миллионын шегеру керек.
«Ордабасы» аз ғана қалып отыр
Екінші орынға «Ордабасы» жайғасты. Шымкенттік клуб құнын 11,1% арттырды: енді оның құны 10,50 миллион еуроға жетті. Үздік үштікті «Тобыл» түйіндеді, бірақ оның құрамы керісінше, 880 мың еуроға (-8,8%) арзандап, 9,58 миллион еуроға бағаланды.
КПЛ-дің ең қымбат бес клубының қатарына сондай-ақ «Астана» (9,35 млн еуро, +13,0%) және «Ақтөбе» (9,10 млн, -2,7%) енді.
Лиганың ең арзан командасы
Порталдың пікірінше, Қазақстан элиталық дивизионының ең арзан командасы – «Ұлытау» (2,53 млн, +6,3%).
КПЛ клубтарының құрам құны бойынша толық рейтинг:
1. «Қайрат» (Алматы) — 13,80 млн еуро (+12,7%);
2. «Ордабасы» (Шымкент) — 10,50 млн (+11,1%);
3. «Тобыл» (Қостанай) — 9,58 млн (-8,8%);
4. «Астана» — 9,35 млн (+13,0%);
5. «Ақтөбе» — 9,10 млн (-2,7%);
6. «Елімай» (Семей) — 6,75 млн;
7. «Қайсар» (Қызылорда) — 4,90 млн (-3,9%);
8. «Оқжетпес» (Көкшетау) — 4,35 млн (+14,5%);
9. «Атырау» — 3,93 млн;
10. «Қызылжар» (Петропавл) — 3,80 млн (-8,4%);
11. «Жеңіс» (Астана) — 3,80 млн (-4,0%);
12. «Ертіс» (Павлодар) — 3,60 млн (-3,4%);
13. «Каспий» (Ақтау) — 3,55 млн (-12,3%);
14. «Алтай» (Өскемен) — 3,00 млн (-0,8%);
15. «Жетісу» (Талдықорған) — 2,94 млн (+6,3%);
16. «Ұлытау» (Жезқазған) — 2,53 млн (+6,3%).
Бұған дейін біз Сатпаевтың Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанғанын хабарлаған едік. Дастанның ең жақын ізін қуушысы – Ресейдің «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов.
Айта кетейік, «Ордабасы» 14 турдан кейін КПЛ кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Шымкент командасы «Қайраттан» бір ұпайға алда, әрі екі ойынға кем өткізген.