locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Сәтпаев Самородовты басып озып, Қазақстанның ең қымбат футболшылары рейтингінде көш бастады
Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
ФОТО: Қайрат ФК

Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасының жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтің трансферлік құнын жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңа бағалау нәтижесінде 17 жастағы вингердің құны 500 мың еуроға өсті. Қазір қазақстандық футболшының нарықтық бағасы 3,5 миллион еуроны құрайды.

ФОТО: Transfermarkt

Осылайша Дастан Қазақстандағы ең қымбат футболшы атанды. Оның ең жақын қуғыншысы - Ресейдің «Ахмат» клубында өнер көрсететін Максим Самородов. Оның құны 3 миллион еуроға бағаланған.

Айта кетейік, жақында Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізді. Қазақстан Премьер-лигасы аясында өткен кездесуде ол дубль авторы атанып, алматылық клубтың «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңуіне көмектесті.

Енді Сәтпаев Лондонға аттанып, «Челси» сапында өзін көрсетуге тырысады. Еске салайық, Дастан Сәтпаевтің «Челсиге» ауысқаны туралы 2025 жылдың ақпанында ресми түрде жарияланған болатын. Алайда келісім шарттарына сәйкес, қазақстандық футболшы Англияға тек кәмелет жасына толғаннан кейін ғана көшіп бара алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie