Ұлы: Роналду әлем чемпионаттарында ерекше рекорд орнатты
Криштиану Роналду Өзбекстан қақпасына екі гол соғып, Португалия құрамасы үшін ерекше рекорд орнатты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Енді Роналдудың әлем чемпионаттарында ұлттық құрама жейдесінде соққан голдарының саны 10-ға жетті. Бұл көрсеткішпен ол Португалияның әлем чемпионаттарындағы үздік сұрмергені атанып отыр.
Әлем чемпионаттарындағы голдар саны бойынша Криштиану аңызға айналған Эйсебионың рекордын жаңартты, оның еншісінде 9 дәл соққы қалған еді.
Сонымен қатар, Роналду — әлем тарихындағы алғашқы футболшы, қатарынан алты әлем чемпионатында гол соққан. Ол өзінің алғашқы голын 2006 жылдың 17 маусымында Иранға қарсы соққан еді.
Бұдан бөлек, Криштиану әлем чемпионаттары тарихында Португалия құрамасы сапында ең жас әрі ең егде сұрмерген атанды. Алғашқы голын 21 жас 132 күнінде соққан.
Ал бүгін ол 41 жас 138 күнінде мергендігімен ерекшеленді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан — аңызға айналған португалиялық футболшы гол соққан 49-шы ұлттық құрама атанды.