ӘЧ-2026 ашылу матчында тарихи рекорд тіркелді: төреші үш ойыншыны алаңнан қуды
2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика ОАР құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Алайда бұл кездесу тек нәтижесімен ғана емес, төрешінің шешімдерімен де есте қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бас төреші Вилтон Сампайо матч барысында үш қызыл қағаз көрсетіп, әлем чемпионаттарының ашылу ойындары арасындағы тарихи рекордты тіркеді.
Алаңнан кімдер қуылды?
ОАР құрамасының ойыншысы Ситхоул 50-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан кетті. 82-минутта оның командаласы Темба да ойыннан шеттетілді. Ал қосымша уақыттың екінші минутында Мексика капитаны Сесар Монтес қызыл қағаз көрді.
Осылайша ОАР кездесуді тоғыз ойыншымен аяқтаса, Мексика матч соңын он ойыншымен өткізді.

Екі бірдей әлем чемпионатынан да көп
Бір қызығы, ӘЧ-2026-ның алғашқы матчында көрсетілген үш қызыл қағаз 2018 жылғы Ресейдегі және 2022 жылғы Катардағы әлем чемпионаттарында тіркелген жалпы көрсеткішке өте жақын. Аталған екі турнирдің әрқайсысында бар болғаны төрт ойыншы алаңнан қуылған еді.
Осылайша, Мексика мен ОАР арасындағы матч әлем чемпионатының алғашқы ойыны ретінде қызыл қағаздар саны бойынша жаңа тарихи рекорд орнатты.