locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилия Марокконы жеңе алмады - 1:1. Матчқа бейнешолу

Винисиустың голы Бразилияны Мароккомен матчтағы жеңілістен құтқарды
Бразилия Марокконы жеңе алмады - 1:1. Матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастай алмады. С тобындағы алғашқы турда бразилиялықтар Мароккомен тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесуді марокколықтар белсенді бастап, 21-минутта есеп ашты. Исмаэль Сайбари өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, Африка құрамасын алға шығарды.

Алайда Бразилия үзіліске дейін жауап қатты. 32-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестіріп, өз құрамасының осы мундиалдағы алғашқы голын соқты.

Екінші таймда екі команда да жеңіс голын іздеді. Дегенмен қорғаныста сенімді ойнап, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Нәтижесінде кездесу тең аяқталды.

Осылайша, екі құрама да турнирді бір ұпаймен бастады.

Назарларыңызға матчқа бейнешолу ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie