locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бейне: 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы голы соғылды

Мексика 2026 жылғы ӘЧ-нің алғашқы голын тоғызыншы минутта соқты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчында ОАР-ға қарсы есеп ашты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазіргі мундиальдегі алғашқы гол кездесудің тоғызыншы минутында соғылды. Оның авторы – турнир қожайындарының шабуылшысы Хулиан Киньонес.

Мексикалықтар ойынды белсенді бастап, Мехикодағы лық толы «Ацтека» стадионында өткен әлем чемпионатының алғашқы ойынында жанкүйерлерін қуантып үлгерді.

Материал жарияланған сәтте Мексика құрамасы есепте алда келеді, ал матч әлі жалғасуда.Ойынға тікелей көрсетілім.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада басталды. Тарихта алғаш рет турнирге 48 ұлттық құрама қатысып отыр. Мексика мен ОАР арасындағы матч әлем чемпионатының бағдарламасын ашады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie