locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мексика - ОАР - 2:0. Үш қызыл қағаз көрсетілген матчтың бейнешолуы

Мексика өз алаңындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мексика - ОАР - 2:0. Үш қызыл қағаз көрсетілген матчтың бейнешолуы
ФОТО: Getty images

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сәтті бастап, турнирдің ашылу матчында ОАР командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері есепті матчтың тоғызыншы минутында ашты. Хулиан Киньонес қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасын алға шығарды. Екінші таймда Рауль Хименес тағы бір гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі - 2:0.

Ойын голдармен ғана емес, қызыл қағаздармен де есте қалды. ОАР сапынан Ситхоул мен Темба алаңнан қуылса, қосымша уақыттың соңында Мексика капитаны Сесар Монтес те қызыл қағаз алды.

Осы жеңістің арқасында Мексика құрамасы алғашқы үш ұпайын еншілеп, әлем чемпионатының А тобында көш бастады.

Назарларыңызға матчқа бейнешолу ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie