locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Катар соңғы минуттарда есепті теңестіріп, Швейцарияны жеңістен айырды

Хухидің қосымша уақыттағы голы өткен мундиаль қожайындарын жеңілістен құтқарды
Катар соңғы минуттарда есепті теңестіріп, Швейцарияны жеңістен айырды
ФОТО: Getty images

Катар мен Швейцария құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы турында тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Швейцария құрамасы есепті бірінші таймда ашты. Кездесудің 17-минутында Брил Эмболо пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Швейцариялықтар жеңісті сақтап қала жаздағанымен, Катар матчтың соңында таразы басын теңестірді. Қосымша уақыттың бесінші минутында Буалем Хухи гол соғып, өз құрамасына турнирдегі алғашқы ұпайын сыйлады.

Әлем чемпионаты-2026. В тобы
Катар – Швейцария – 1:1
Голдар:
0:1 – Эмболо, 17 (пенальти), 1:1 – Хухи, 90+5

В тобындағы жағдай барынша шиеленісе түсті. Бұған дейін Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары да 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Осылайша, бірінші тур қорытындысы бойынша В тобындағы барлық төрт команданың еншісінде бір ұпайдан бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie