locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мексикалық арулар немесе әлем чемпионатында алаң иелеріне ЮАР-ды жеңуге кім көмектесті

Жанкүйерлердің қызу қолдауына берген реакциясы бәрін айтады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: коллаж

Мексика футбол құрамасы 2026 жылғы өз алаңындағы әлем чемпионатында Оңтүстік Африканы жеңіп, бұл жеңіске трибуналардың қолдауы да үлкен үлес қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнирдегі алғашқы ойында мексикалықтар ОАР құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Тоғызыншы минутта-ақ Хулиан Киньонес турнир иелерін алға шығарды , ал 67-минутта Рауль Хименес Мексика басымдығын еселеді.

Ойын тартысты өтті – төреші үш қызыл қағаз көрсетті (ОАР-ға екі, Мексикаға бір).

Шакирадан бөлек, стадионда атмосфераны қыздырған мексикалық жанкүйер қыздар да болды – кейбірі матчтан кейін әлеуметтік желі жұлдызына айналды.

«Мексикалық ару»;

«Олар жеңіске жетті деп үміттенемін»;

«Өте ҮЛКЕН қолдау»;

«Операторды жұмыстан шығарыңдар, ракурстар нашар»;

«Мексика жанкүйерлері бүкіл стадионды матчтың бір бөлшегіне айналдырды»;

«Мексикалық фанаттар трибунаны өз үйіндей қылды»;

«Мексика жанкүйерлері секілді ешкім энергия сыйламайды»;

«Көңілді әрі пысық қыздар», – деп жазды желідегілер вирусқа айналған жазба астында.

Келесі ойында Мексика құрамасы 19 маусымға қараған түні Корея Республикасымен кездеседі. Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр, финал 19 шілдеде өтеді. Биылғы турнирде алғаш рет 48 команда бақ сынауда. Олар 12 топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз құрама 1/16 финалға жолдама алады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie