Винисиустың голы Бразилияны Мароккомен матчтағы жеңілістен құтқарды
Бразилия мен Марокко құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесуде есепті алғаш болып марокколықтар ашты. 21-минутта Исмаэль Сайбари мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.
Алайда 32-минутта мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор таразы басын теңестіріп, Бразилияны жеңілістен құтқарды.
Екінші таймда екі команда да жеңіс голын соғуға мүмкіндік алғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.
Әлем чемпионаты-2026. С тобы
Бразилия - Марокко - 1:1
Голдар: 0:1 - Сайбари, 21,1:1 - Винисиус, 32
Осылайша, Бразилия мен Марокко турнирді бір ұпайдан бастады.
Еске салайық, С тобындағы келесі матч Астана уақытымен 06:00-де өтеді. Алаңға Шотландия мен Гаити құрамалары шығады.