locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл масқара болады»: Словакия құрамасының бас бапкері Қазақстанмен матч алдындағы мәлімдемесімен шу шығарды

Владимир Вайсс Словакия Ұлттар лигасындағы топта жеңіске жетуі тиіс деп есептейді
ФОТО: kazfootball.kz

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдова және Қазақстан құрамаларына қарсы өтетін алдағы матчтардан күтетін нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Бапкердің пікірінше, Словакия Ұлттар лигасындағы топта жеңіске жетуі тиіс, әйтпесе бұл масқара болады.

«Алғашқы екі матч – Молдова мен Қазақстанға қарсы ойындар – командадағы атмосфера тұрғысынан бізге көмектеседі, алайда бәрі нәтижеге байланысты болады. Топтағы жарысты қалай бастайтынымыз, күрестің әрі қарай қалай өрбитіні және фавориттің кім болатыны да осыған байланысты. Біз шабуылдаушы футбол ойнаймыз деп үміттенемін, бірақ сонымен бірге қаныққан қорғанысқа қарсы әрекет етуімізге тура келеді.

Сондықтан қарсы шабуылдардан сақ болуымыз керек. Қазақстанның жылдам ойыншылары бар, ал Молдованың да екі жақсы әрі шапшаң шабуылшысы бар. Мен ойыншылардан бар күшін салуды талап етіп, оларды барлық уайымды ойдан шығаратындай етіп жігерлендіруім керек. Егер бұл топта жеңіске жетпесек, бұл мен үшін де, олар үшін де масқара болады», – деп бапкердің сөзін kazfootball.kz келтіреді.

Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 29 қыркүйекте Словакияның Кошице қаласында өтеді. Словакия құрамасының өтінімімен мына жерден танысуға болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie