«Бернли» Сатпаевқа қатысты алаңдатарлық жаңалықтармен бөлісті
Қазақстан құрамасының форварды Дастан Сатпаевтың ағылшындық «Бернлидің» алдағы матчына қатысуы әзірге шешілген жоқ, деп хабарлайды Sports24.kz.
Burnley Express басылымының хабарлауынша, 18 жастағы форвард Чемпионшип аясында 10 қазанда өтетін «Уотфордқа» қарсы матчқа дайындығы әлі де сұрақ астында тұрған ойыншылардың қатарында.
Еске сала кетейік, Сатпаев қазір жарақатынан айығу кезеңін жалғастырып жатыр, ал оның алаңға қазан айының бірінші жартысында оралуы күтілуде. Дастан қазан айындағы матчтар топтамасының басын өткізіп алуы мүмкін, алайда теориялық тұрғыда «Вулверхэмптонға» немесе «Портсмутқа» қарсы ойындарға үлгеріп оралуы ықтимал.
«Бордолылар» сапында талантты қазақстандық төрт ресми матч өткізіп үлгерді. Чемпионшипте ол «Вест Бромвичке», «Норвичке» және «Мидлсброға» қарсы ойнады, сондай-ақ Англия лигасы кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчты негізгі құрамда бастады. Сатпаев әзірге Англиядағы ойындарында нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.
Бұған дейін «Бернлидің» Дастанға ерекше сыйлық жасағанын хабарлаған едік.