locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакинаны жеңген Чараева Бейжің турниріндегі өнерін аяқтады

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны сенсациялық түрде жеңген Алина Чараева Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде Чжэн Циньвэньге үш сетте жол беріп, жарысты аяқтады
Елена Рыбакинаны жеңген Чараева Бейжің турниріндегі өнерін аяқтады
ФОТО: Getty images

Армениялық теннисші Алина Чараева Елена Рыбакинаны жеңіп, China Open-2026 турниріндегі басты сенсациялардың бірін жасаған еді. Алайда оның Бейжіңдегі жорығы төртінші айналымда тоқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемдік рейтингте 118-орында тұрған Чараева төртінші айналымда Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездесті. Армениялық теннисші алғашқы сетте қарсыласына айқын басымдық берді, екінші партияда ойынды толық өзгертіп, есепті теңестірді. Дегенмен шешуші сетте корт иесі мықтырақ болды.

WTA 1000. Бейжің. Төртінші айналым

Алина Чараева - Чжэн Циньвэнь - 1:6, 6:2, 4:6

Кездесу екі сағат 11 минутқа созылды. Осы жеңістің арқасында Чжэн Циньвэнь өз алаңындағы турнирдің ширек финалына шықты. Қытайлық теннисші China Open-ге төрт рет қатысып, екінші мәрте үздік сегіздікке енді.

Алайда Чараеваның бұл турнирдегі ең үлкен жетістігі бірнеше күн бұрын тіркелді. Екінші айналымда ол әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны сенсациялық түрде жеңді - 3:6, 6:4, 6:3. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте басым түскенімен, кейін қарсыласына кездесудің барысын өзгертуге мүмкіндік берді.

Бұл жеңіс Чараева үшін тарихи нәтиже болды. Рыбакинамен матч кезінде ол WTA рейтингінде 118-орында тұрған. Осылайша Чараева 1975 жылы WTA рейтингі енгізілгелі әлемнің бірінші ракеткасын бір сет ұтылып жатып жеңген рейтингтегі ең төмен тұрған теннисші атанды.

Рыбакинаны жарыстан шығарғаннан кейін де Чараева қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Үшінші айналымда ол Ұлыбритания өкілі Сонай Карталды 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңіп, маусымдағы ірі турнирлердің бірінде төртінші кезеңге дейін жетті.

Рыбакина үшін Чараевадан жеңілу ерекше күтпеген нәтиже болды. Бұл Еленаның US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы кездесуі еді.

Кейін қазақстандық теннисші аяқ жарақатына байланысты Уханьдағы WTA 1000 турнирінен бас тартты. Еленаның келесі жарысы Нинбода өтеді деп жоспарланған. Ол жақта Рыбакина өткен жылы жеңіп алған чемпиондық атағын қорғайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie