locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик жол апатына түсті: не болды?

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирі басталар алдында жол-көлік оқиғасына тап болды
Бублик жол апатына түсті: не болды?
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP Masters 1000 санатындағы турнирге қатысу үшін барған Шанхайда жол-көлік оқиғасына тап болды. Абырой болғанда, теннисші зардап шеккен жоқ және жарысқа дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оқиға Бублик таксиден түспек болған сәтте болған. Спортшы көліктің есігін ашып үлгерген кезде, қозғалыста келе жатқан басқа автомобиль есікке соғылған. Соққының күшінен таксидің есігі кері қарай майысып кеткен.

Көп ұзамай қазақстандық теннисші болған жағдайды өзінің Telegram-арнасында айтып, бұл жолы жолы болғанын мойындады.

«Қыз есікті жай ғана жұлып кетті. Өзім аманмын, Құдайға шүкір. Есік кері қарай майысып қалды. Аяғымды әлі сыртқа шығарып үлгермегенім жақсы болды. Құдай сақтады», - деді Бублик.

Теннисші жариялаған кадрлардан соқтығыстың салдары да көрінеді. Жағымсыз жағдайға қарамастан, оған медициналық көмек қажет болмады. Бублик дін аман қалып, турнирге дайындығын жалғастырды.

Шанхайдағы «Мастерс» 7 қазанда басталды. Қазақстандық теннисші жоғары рейтингке ие болғандықтан, алғашқы айналымды өткізіп жіберіп, жарысты бірден екінші кезеңнен бастайды. Турнир 18 қазанға дейін жалғасады, ал жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады.

Шанхайға дейін Бублик Бейжіңдегі турнирде өнер көрсетіп, чехиялық Якуб Меньшикке екі сетте - 4:6, 6:7 есебімен жол берген еді. Осы маусымда қазақстандық теннисші ATP турының үздіктері қатарында қалып, бұған дейін мансабындағы ең жоғары көрсеткіш - әлемдік рейтингтің 10-орнына дейін көтерілді.

10 қазанда қазақстандық теннисші Қытайдағы «Мастерс» турниріндегі жолын ATP рейтингінде 75-орында тұрған Чехия өкілі Томаш Махачқа қарсы матчпен бастайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie