Рыбакина Пекиндегі сәтсіздіктен кейін үнсіздігін бұзды
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Пекиндегі WTA-1000 турнирінен сенсациялық түрде шығып қалғаннан кейін үнсіздігін бұзды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы Қытай астанасымен Instagram желісіндегі парақшасында қоштасты.
«Жақында кездескенше, Бейжің», — деп теннисші өз жазбасында қысқа ғана жазды.
Еске салайық, Рыбакина Бейжіңдегі жарыста күтпеген жерден сәтсіздікке ұшырады. Бірінші айналымды өткізіп алғаннан кейін ол әлемнің 118-ракеткасы Алина Чараевамен кездесті. Елена алғашқы партияда жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте — 6:3, 4:6, 3:6 есебімен — жеңіліп, екінші раундта-ақ жарысты күтпеген жерден аяқтады.
Бастапқыда Қазақстан өкілі China Open турнирінен кейін 12-18 қазан аралығында Азия сериясын Уханьда жалғастыруды жоспарлаған еді, алайда ресми түрде аяғындағы мәселеге байланысты жарыстан бас тартты.
Енді WTA ұйымы Еленаның келесі жарысы нақты қай турнир болатынын жариялады.
Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы 8-15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтетін WTA қорытынды турниріне қатысу құқығын әлдеқашан қамтамасыз етті. Өткен жылы Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жеткен болатын, сондықтан маусымның соңы ол үшін тағы да аса маңызды болмақ.