locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатында тағы бір медальдан қағылды

Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатында тағы бір медальдан қағылды
ФОТО: kazjudo

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтады. 81 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде ол Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Белдесу татами иесінің пайдасына аяқталды. Раджабли нәтижелі әдіс жасап, иппонмен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Жұбаназар қола жүлде үшін күреске дейін бірнеше маңызды белдесу өткізді. 1/8 финалда ол әзербайжандық Вусал Галандарзадеден өтті - қарсыласы жарыстан шеттетілді.

Ширек финалда Абылайханның жолын Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Ли Джун Хван кесті. Қазақстандық дзюдошы бұл белдесуде 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін Жұбаназар Әзербайжанның тағы бір өкілі, әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері Зелим Цкаевпен белдесті. Бұл жолы қарсыласы басым түсіп, Абылайханға қола медаль үшін күресуге мүмкіндік қалды.

Алайда жүлде үшін шешуші белдесуде Омар Раджабли мықтырақ болып, Жұбаназар тұғырға көтеріле алмады.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы медальді Шерзод Давлатов салған еді. 60 келіге дейінгі салмақта ол финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Шешуші белдесуде Давлатов әзербайжандық Ахмад Юсифовқа иппонмен есе жіберді.

Бакудегі жекелей әлем чемпионаты 10 қазанға дейін жалғасады. Ал 11 қазанда аралас командалар арасындағы жарыс өтеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie