locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев «Бернлиден» кетуі мүмкін бе? Клубтың бұрынғы жаттықтырушысы сенсациялық мәлімдеме жасады

Крис Уоддл бұрынғы клубына ескерту жасады
Сәтпаев «Бернлиден» кетуі мүмкін бе? Клубтың бұрынғы жаттықтырушысы сенсациялық мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty

«Бернли» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Крис Уоддл команда Премьер-лигаға бірден қайта орала алмаса, «бордолықтар» ойыншылардың жаппай кетуіне тап болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Уоддл Ники Хайен шәкірттері қауіпті аймақтан шыға алатынына сенімді, алайда маусым соңына қарай олардың жоғары дивизионға жолдама үшін шын мәнінде таласа алатынына күмән келтіреді. Оның пікірінше, бұл клуб үшін елеулі мәселелерге әкелуі мүмкін.

«Премьер-лига мен Чемпионшип арасында үнемі ауысып жүретін клубтарға қараңыздар: олардың құрамында әрдайым үлкен өзгерістер болады. Олар жоғары дивизионға шыққаннан кейін ойыншылар сатып алады, кейін төмендеген соң оларды сатуға мәжбүр болады.

Жақында мен "Бернлидің" “Вест Хэмге” қарсы матчын көрдім. Олар негізгі орталық шабуылшысынан және бірнеше маңызды ойыншысынан айырылды. Сондықтан қазіргі құрамына қарап, бұл Чемпионшипте оңай үстемдік ететін команда деп айта алмайсың. Меніңше, оларды ауыр күрес күтіп тұр, ал Премьер-лигаға бірден қайта оралса, таңғалатын боламын.

Қаржылық тұрғыдан алғанда: егер “Бернли” жоғары дивизионға шықпаса, активтерін әрі қарай да сатуға мәжбүр бола ма? Төмендеуді өтейтін төлемдер ерте ме, кеш пе аяқталады. Ал бірден жоғары дивизионға қайта оралу мүмкін болмаса, үздік ойыншыларды сатуға тура келеді.

"Бернлидің" бастауы қиын болды, бірақ олар қауіпті аймақтан шыға ала ма? Иә, олардың деңгейі өмір сүру үшін күрестен қашуға мүмкіндік береді деп есептеймін, тіпті жоғары дивизионға тікелей көтерілу қол жетімсіз болып көрінсе де. Клубта тәжірибелі адамдар жұмыс істейді, сондықтан қажетті білім мен дағдылар бар – оларға тек тұрақтылыққа қол жеткізу керек», – деп Уоддлдың сөзін Burnley Express басылымы келтіреді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүр.

Бұған дейін Сәтпаевтың 21 жасқа дейінгі үздік ойыншылардың жүздігіне енгенін хабарлаған едік. Бұл рейтингті «үлкен бестік» лигаларынан тыс өнер көрсететін футболшылар арасында Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES Football Observatory) жасады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie