locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев 21 жасқа дейінгі үздік ойыншылар тізіміне енді

«Бернли» шабуылшысы топ-5 лигасына кірмейтін чемпионаттардағы 21 жасқа дейінгі үздік жүз футболшының қатарында
Сатпаев 21 жасқа дейінгі үздік ойыншылар тізіміне енді
ФОТО: Getty Images

«Бернли» мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Халықаралық спорттық зерттеулер орталығының (CIES Football Observatory) нұсқасы бойынша топ-5 лигасына кірмейтін чемпионаттарда өнер көрсететін 21 жасқа дейінгі үздік жүз ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жалпы рейтингі 75.8 болған Сатпаев 94-орынға жайғасты. Ол осы санатта Чемпионшиптегі рейтингі ең жоғары бесінші ойыншы атанды. Қазақстан құрамасының шабуылшысына төмендегі көрсеткіштер бойынша 100 балдық шкала негізінде ұпай берілді:

  • Қорғаныстағы әуедегі ойын — 5
  • Қорғаныс әрекеттері — 34
  • Прессингтен шығу — 50
  • Допты ілгерілету — 48
  • Дриблинг — 72
  • Гол соғу мүмкіндіктерін жасау — 60
  • Гол соғу мүмкіндіктерін пайдалану — 58
  • Шабуылдағы әуедегі ойын — 38

Рейтингтің жоғарғы орындарына «Бенфика» вингері Джанлука Престианни, нидерландтық АЗ командасының жартылай қорғаушысы Кис Смит, сондай-ақ киевтік «Динамо» мен Украина құрамасының шабуылшысы Матвей Пономаренко орналасты.

Посткеңестік кеңістік өкілдерін алсақ, рейтингте олардың үшеуі ғана бар: Сатпаевтан бөлек, Пономаренконың киевтік «Динамодағы» серіктесі Богдан Редушко да тізімге енген.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie