locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» Дастан Сәтпаевқа ерекше сыйлық жасады

Ағылшын клубы қазақстандық футболшыға командада жүргеніне орай арнайы жиынтық сыйлады
«Бернли» Дастан Сәтпаевқа ерекше сыйлық жасады
ФОТО: Getty Images

Ағылшынның «Бернли» клубы қазақстандық Дастан Сәтпаевқа бьюти-бокс түрінде сыйлық жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы Сәтпаев өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Дастанға арналған хатта: «Бернли отбасына қош келдің. Сенің осында болғаныңа өте қуаныштымыз. Клубтың барлық ұжымынан» деген жазба болған.

«Рақмет», – деп жауап берді футболшы.

Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы маусымы

Қазақстандық футболшы «Бернли» сапында осы уақытқа дейін төрт ресми матч өткізді. Чемпионшипте ол «Вест Бромвич», «Норвич» және «Мидлсбро» командаларына қарсы ойнады. Сондай-ақ Англия лигасы кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчты негізгі құрамда бастады. Жалпы алаңдағы ойын уақыты 283 минутты құрады. Әзірге оның еншісінде гол да, нәтижелі пас та жоқ.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев қазір жарақатынан қалпына келуді жалғастырып жатыр. Ақпарат көздері оның алаңға оралу мерзімін қазан айының ортасына болжап отыр. Осыған байланысты ол қазан айындағы алғашқы матчтарды өткізіп алуы мүмкін. Алайда «Вулверхэмптон» немесе «Портсмутқа» қарсы кездесулерге оралуы теориялық тұрғыда мүмкін.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie