locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Қазақстандық теннисші турнирдегі жолын Томаш Махачқа қарсы матчпен бастайды
ФОТО: Getty Images

Александр Бублик Шанхайда өтетін ATP 1000 турнирінің алғашқы кезеңіндегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші Қытайдағы «Мастерс» турниріндегі жолын ATP рейтингінде 75-орында тұрған Чехия өкілі Томаш Махачқа қарсы кездесумен бастайды.

Бубликтің турнирдің алғашқы кезеңіндегі болашақ қарсыласы Қытай өкілі Чжичжэнь Чжаннан басым түсті. Чехиялық теннисші қарсыласын 1:6, 7:6 (3), 6:2 есебімен жеңді.

Бублик пен Махач арасындағы кездесудің болжамды күні — 10 қазан.

Айта кетейік, Шанхайдағы турнирдің жүлде қоры $9 415 725 болады. Қазіргі чемпион — Монако өкілі Валантен Вашро.

Еске сала кетейік, қазанда Бублик Бейжіңдегі турнирдің жұптық разрядында финалға бір қадам қалғанда тоқтады. Қазақстандық теннисші жұптық разрядта қытайлық Шан Цзюньчэнмен бірге жартылай финалда жеңілді. Бублик пен Шан Цзюньчэн нидерландтық Сандер Арендс пен Давид Пэл жұбынан 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie