Мексика – ОАР: 2026 жылғы ӘЧ матчын онлайн қараңыз
Бұл – ашылу матчы
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФИФА
Бүгін, 12 маусымда, Мексика құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының ашылу матчында Оңтүстік Африка Республикасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sport24.kz.
Кездесу Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ арнаның ресми сайтынан көруге болады.
16 жыл бұрын Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) құрамалары да мундиальдің ашылу матчында кездескен еді. Ол кезде Йоханнесбургте командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.