«Балықтарға акулалардың арасында орын жоқ»: Қуат Хамитов «Қайраттың» «Реалдан» жеңілісіне қатаң пікір білдірді
Белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматыда өткен Чемпиондар лигасының екінші турындағы матч нәтижесіне қатысты пікірін ашық жеткізді.
Бұл ойында «Қайрат» мадридтік «Реалдан» 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.
«Реалдың» басшылығы ойлаған да шығар: барлық жұлдыздарды неге алып келуіміз керек, жеңісті жастар құрамымен-ақ аламыз ғой. Иә, балықтарға акулалар жүзетін жерде орын жоқ, — деп жазды Хамитов өзінің Instagram-ында.
Еске сала кетейік, бұл ойында Килиан Мбаппе хет-трик жасаса, тағы бір голдан Браим Диас пен Эдуардо Камавинга соқты.
«Қайраттың» келесі матчы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 21 қазанда Алматыда өтеді. Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің қарсыласы кипрлік «Пафос» болмақ. Бұл кездесу алматылықтар үшін ұпай тағдырын шешетін маңызды ойынға айналуы мүмкін.
Сондай-ақ «Қайрат» капитаны Мартынович Чемпиондар лигасындағы ойсырай жеңіліс туралы ашық айтты.
