Қазақстан футбол құрамасын ресми түрде Нидерландиялық бапкер басқарды
Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері ретінде нидерландиялық маман Джон ван ’т Шкип ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
62 жастағы бапкердің тағайындалғаны Қазақстан футбол федерациясында өткен оның ресми таныстырылымында жария етілді. Сондай-ақ ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына ассистент ретінде Нұрбол Жұмасқалиев қосылды.
Футболшы ретінде Джон ван ’т Шкип Амстердамның «Аякс» және италиялық «Дженоа» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Нидерланд ұлттық құрамасының намысын қорғаған. Ұлттық құрамамен бірге ол 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Өзінің бапкерлік мансабында ван ’т Шкип Грекия мен Армения құрамаларын басқарды, сондай-ақ Нидерланд ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына да қызмет еткен.
Ол – Қазақстан құрамасын басқаруға сенім артылған екінші нидерландиялық маман. Бұған дейін, 2006-2008 жылдары ұлттық команданы Арно Пайперс жаттықтырған.
Құраманың алдыңғы бас бапкері Талғат Байсуфинов еді. Ол бұл қызметтен өз еркімен бір айдан сәл астам уақыт бұрын кетті.
Ван ’т Шкип баптауындағы Қазақстан құрамасы алғашқы ресми ойынын 26 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Фарер аралдарына қарсы өткізеді.