locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өтірік!»: Садовский Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды

«Оқжетпес» шабуылшысы тараған ақпаратқа бір ауыз сөзбен жауап берді
«Өтірік!»: Садовский Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды
ФОТО: Оқжетпес ФК

Көкшетаулық «Оқжетпестің» шабуылшысы Всеволод Садовский Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған дейін AmanVibe «Оқжетпестің» бірден екі легионері Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған еді. Әңгіме беларусьтік шабуылшы Всеволод Садовский мен ресейлік қақпашы Мирослав Лобанцев туралы болған. Сонымен қатар олардың ықтимал азаматтық алуы Қазақстан құрамасында өнер көрсету мүмкіндігімен байланысты емес екені айтылған.

Садовский бұл ақпаратты назардан тыс қалдырмады. Футболшы жарияланымды Instagram желісіндегі парақшасында бөлісіп, қысқа ғана пікір қалдырды:

«Өтірік!» - деп жазды Садовский.

ФОТО: IG-stories usevaladsadovski

Осылайша, 29 жастағы беларусьтік шабуылшы Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігін қарастырып жүр деген ақпаратты көпшілік алдында жоққа шығарды.

Садовский «Оқжетпеске» 2026 жылдың жазында қосылды. Көкшетаулық клуб шабуылшының трансферін 16 маусымда ресми түрде жариялаған. Биылғы ҚПЛ маусымында ол жаңа командасы сапында бес матч өткізіп үлгерді.

«Оқжетпес» те биыл сәтті маусым өткізіп келеді. 21-турдың қорытындысы бойынша көкшетаулық клуб 33 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie