locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атырау»-дың бұрынғы ойыншысы, «Арсеналға» гол соққан футболшы, Грекияда қаза тапты

«Мұнайшылардың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Вячеслав Шарпар Грекияда суға батып кетті
ФОТО: sport-express.ua

Грекияда «Атырау» командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Вячеслав Шарпар қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Украин клубтарының және жастар құрамасының бұрынғы ойыншысының анасы Валентина Facebook-тегі парақшасында ұлының 2 маусым күні қайтыс болғанын хабарлады. Грек басылымдарының мәліметінше, Шарпар жоғалып кеткеннен кейін бірден іздеу жарияланып, жағалау күзеті іздеу-құтқару жұмыстарын бастаған.

11 маусым күні оның денесі Лутраки маңындағы теңізден табылды. Дегенмен, жергілікті билік әзірге экс-футболшының қалай және қандай жағдайда суға кеткенін нақты білмейді.

Шарпар 2016 жылы «Атырау» сапында өнер көрсетіп, «мұнайшылар» үшін 20 матч өткізіп, үш голдың авторы атанды. Ол командамен бірге чемпионатта сегізінші орын иеленді. Сондай-ақ, ол «Ворскла», «Металлист», «Волынь» клубтарында ойнаған.

Бірінші команда сапында ол, басқа матчтармен қатар, 2018/2019 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңінде Лондонның «Арсеналына» қарсы ойнап, «Эмирейтс» стадионында «канонирлердің» қақпасына гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie