«Қайраттың» қатысуымен өтетін Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі қашан және сағат нешеде өтетіні белгілі болды
УЕФА 2026/2027 маусымындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімінің толық мәліметін жариялады, оған «Қайрат» та қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Еуропалық футболдың басты ұйымының ресми ақпараты бойынша, жеребе тарту рәсімі 16 маусым, сейсенбі күні, Астана уақытымен 19:00-де өтеді. Жеребеге қатысатын командалар топтарға бөлінеді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Қайраттың» қарсыластары белгілі: олар бұл елдердің командаларымен қалай ойнады?
Дегенмен, топтардың нақты құрамы, яғни «Қайраттың» ықтимал қарсыластарының толық тізімі жеребе тарту өтетін күні, Астана уақытымен 11:30-да жарияланады.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7-8 шілдеде (алғашқы матчтар) және 14-15 шілдеде (қарымта кездесулер) өтеді. Матчтардың қай күні өтетіні жеребе тартумен анықталады, ал нақты ойын күндерін УЕФА рәсімнен кейін хабарлайды.
